
11 қаңтарда 23 сағат 58 минутта Семей қаласының құтқарушылары Засядко көшесіндегі шақыруға келді. 10 қабаттыүйдіңподъезінде қоқыс өртенгені белгілі болды. Қаттутүтін болғандықтан қауіп аумағынан 9 адамды, оның 1-уі баланы ең алдымен көшіріп, Вахта көлігіне орналастырылды, содан кейінөрт сөндірушілер 4 шаршы аумақтағы өртті жедел ауыздықтады.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды. Ашық отты пайдалану кезінде сақтық танытыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарлаңыз.