Семей қаласында өртке оранған дүкен ішінен өрт сөндірушілер әйел адамды құтқарды

Семей қаласында өртке оранған дүкен ішінен өрт сөндірушілер әйел адамды құтқарды

Семей қаласы Некрасов көшесі бойында сағат 10 мөлшерінде матрац сату дүкенінде өрт шықты. Өрт орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер дүкен іші қатты түтінге оранғанын анықтады. Ғимаратқа кіріп, газтүтіннен қорғау қызметі буынымен улы түтін арасынан  көмірқышқыл газымен улану сипаты бар 1991 жылғы  әйел адамды тауып, өрт сөндірушілер тез арада қауіпті орыннан шығарды.

14 сағат 39 минутта өрт толықтай жойылды. Барлығы 56 өрт сөндіруші және 12 дана арнайы техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруді улы түтін және көру мүмкіншілігі жоқтығы қиындатты. Өрттің алдын ала ауданы 290 шаршы метрді құрады.

         Өрттің шығу себептері – өртке абайсыз болу және электрқондырғыларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

ШҚО ТЖД мекемелердегі өртке қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауды еске салады.

Өрт сөндіру алғашқы құралдарының  керекті санын қамтамасыз ету.

Ақаусыз өрт дабылдардың болуы.

Қызметкерлердің қауіпсіздік нұсқаулықтарынан және өрт пайда болған жағдайдағы іс-қимылдарды білуі.

Электрқондырғылардын жай-күйін қадағалау. Кемшіліктерді дер кезінде жою.

Өрт жағдайында 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалып, хабардар ету.