
9 қаңтарда сағат 21.02-де құтқарушыларға 1960 жылы туған ер адамның «Боровлянка» демалыс базасы жаққа жылқысын іздеуге шығып, жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Озерки ауылынан екі туысы атқа мініп алып жоғалған адамды іздеуге шыққан. Көмекке келген ШҚО ТЖД құтқарушылар бөлімшесімен кездесіп Новопокровка ауылынан 5 шақырым жетпейтін жерде ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оны елдімекенге жеткізді, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ШҚО ТЖД түнгі уақытта елдімекеннен шықпау, әсіресе дауылдық ескерту кезінде шықпау туралы ескертеді. Жолдардыңжағдайы туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыздар.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыздар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі