
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде ҚР ТЖМ медицина қызметкерлерінің байқауы өтті. Апаттар медицинасының дәрігері-бұл мамандық емес – ол үшін дәрігер болып туылу керек. Ең бастысы, адам денсаулығы, кейде оның өмірі медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне байланысты.
Байқау онлайн форматта өтті. Комиссия мүшелері қатысушыларға зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету саласында сұрақтар қойды. Мысалы,"жәбірленушінің шок жағдайының алғашқы белгілері", "гипогликемия кезінде зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек", "жәбірленушінің биологиялық өлімінің алғашқы белгілері қандай"," инсульт кезіндегі алғашқы көмек " және басқалар.
Шығыс Қазақстан облысынан байқауға апат медицинасы орталығының ШҚ филиалының жан сақтау және анестезиология тобының жетекшісі Андрей Злобин, Апат медицинасы орталығының ШҚ филиалының жансақтау және анестезиология тобының медбикесі Назигуль Жадыкбаева және Өскемен қаласының мамандандырылған "ӨСжАҚЖҚ"жасағының дәрігері Ержанбек Сайланбек қатысты.
"ҚР ТЖМ 2021 жылдың үздік дәрігері" номинациясында "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының дәрігері Андрей Злобин танылды.
Андрей медицинада 10 жылдан астам уақыт, ал соңғы 3 жыл Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді.
Жақсы дәрігер болу үшін жоғары интеллект, түйсігі, жауапкершілігі, байқағыштығы, қарым – қатынас қабілеті қажет, және бүгінгі күні әдеттегідей-стресске төзімділік, осы қасиеттердің бәрі Андрей Злобинде бар. Ол өз ісінің маманы. Ол көптеген адмдардың өміріне араша болды.