Демалу қауіпсіз болуы үшін

Демалу қауіпсіз болуы үшін

Шығыс Қазақстан облысында көшкін қаупі туралы дауылды ескерту бір аптадан астам уақыт бойы хабарланған. Кенеттен ауысқан температура, жел және жауын - шашын көшінге қолайлы кезең.

         "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары тауда жиналған қардың өздігінен түспеуі үшін жағдай жасады. Ол үшін "Өскемен-Таулы Үлбі - Северное"автожолында 3 алдын алу қар көшкінін түсіру жүргізілді. Түскен массаның жалпы көлемі 2160 текше метрді құрады. Көшкін жолды жартылай жауып тастады. "ОблШығысЖол" қызметкерлері жолды тазалар,  жол жүру қамтамасыз етілді.

ШҚО ТЖД таудағы демалыс әуесқойларына сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді.

Тауға шықпас бұрын ауа райы болжамын және дауыл ескертулерінің болуын қадағалаңыз, ол үшін "Дәрмен"мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Қар көшкіні қауіпті беткейлерден өту таңертең немесе кешке, қар аяз болған кезде болуы керек. Мүмкіндігінше баурайдың жоғарғы бөлігінде, жартастардың жанында жүру керек.

Қауіпті жерді тез, кең қадамдармен және абсолютті тыныштықпен өту керек, өйткені қатты дыбыс көшкіннің құлауына әкелуі мүмкін.

Шаңғымен жүру кезінде бір - бірінен кемінде 50-70 м аралықты сақтау керек, таяқтардың белдіктерін қолдарынан алып тастау керек, шаңғы бекітпелерін алып тастау керек. Жекелеген жағдайларда, неғұрлым қауіпті учаскелерде өтуді шаңғысыз жасайды.

Мойын айналасында шарф болуы керек, құрғақ көшкін болған жағдайда оны тез ауыз бен мұрынға байлаңыз.

 Көшкін қаупі бар жерлерде отырып, тоқтауға  болмайды.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз