
Улы газбен улану және өрттерді болмау үшін ШҚО ТЖД тұрғын үй секторында алдын алу шараларын жүргізуде.
Өрт сөндіру инспекторлары, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қатарынан арнайы құрылған мобильдік топтар күн сайын аула аралауды жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың басынан Шығыс Қазақстанда 814 629 адамды қамтыған 464 564 аралау, 517 жиын және 706 рейд өткізілді. Уақытылы алдын алу жұмыстарының арқасында бүгінгі күні өңірде өрт санының төмендеуі 26% - ды және азаматтардың қаза болу жағдайларының 29% - ға төмендеуін құрады.
Риддер қаласында ШҚО ТЖД қызметкерлерінен өрт десантының қатысуымен жаппай рейд өтті. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер 200 аса үйге кіріп, тұрғындармен пештерді пайдалану ережелері және жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздік шараларын сақтау, өрт кезіндегі іс-қимыл бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық ұйымдастырды. Бұл ережелер жақсы есте қалып, үнемі сақталуы үшін ТЖ қызметкерлері халыққа жадынамалар таратты.
ШҚО ТЖД улы газбен улануды болдырмауды еске салады:
Тек дұрыс пеш жабдықтарын пайдаланыңыз.
Пеш қалауындағы жарықтар, бітелген түтіндік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Көптеген тұрғындар жылуды үнемдеуге тырысып, әдетте, көмір жанып кетті, мұржаға жылу бекер шығады деп ойлап пештің жапқышын жауып тастайды. Алайда, жылумен бірге көбінде бөлмеге улы газ кіреді. Сондықтан, ешқашан жапқыштарды жаппаңыз.
- Жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және жылыту пештерінің басқа да бөліктері ыстан тікелей жылу беру алдында, сондай – ақ жылыту мерзімі кезінде – үш айда бір реттен сиретпей, үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін екі айда бір реттен сиретпей күйеден тазартылады;
- Жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металл пеш алдындағы парағы болуы тиіс;
- Қызған күл мен қожды оттықтан алғаннан арнайы орынға шығарады және үстіне су құяды.
Пешті қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы - жылыту пешінің дұрыс орналасуы. Сонымен, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөлу (аралық) болуы керек
Төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.