ШҚО құтқарушылары 772 есікті ашып, 46 ит пен 26 мысықты құтқарды

ШҚО құтқарушылары 772 есікті ашып, 46 ит пен 26 мысықты құтқарды

ШҚО ТЖД құтқарушылары өздерінің күрделі жұмыс күндерінің жыл қорытындысын шығарды. Осы кезеңде олар 772 есік ашты, 170 "бұғатталған" және қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесті, 134 қарт азаматтар мен мүгедектерге көмек көрсетті, 12 ірі қара, 46 ит, 26 мысық құтқарып, 33 қауіпті ара ұясын жойды. 2021 жылы тұяқтыларға көмек көрсету "құтқару тренді" болды. Жыл Семей қаласындағы аралда үсіп қалған жылқыларға көмек көрсетуден басталды. Жыл бойы төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері өз күшін ғана емес, арнайы техниканы да қолдана отырып сиырлар мен жылқыларды шұңқырлар мен арықтардан құтқардан алып шықты. Сондай-ақ, апта сайын ағаштың жоғарғы жағына шығып алып, түсе алмай отырған мысықтарды "құтқарды". Иттер құдықтардың люктерінен, верандалардың астынан және үйлердің қабырғалары арасынан шығарылды. Жаз бойы құтқарушылар тұрғындарға маза бермеген ара ұяларымен күресті. Есігі құлыпталынып қалып үйде жалғыз қалған және ойыншықтарға, бекіткіштерге, әшекейлерге және әртүрлі құрылғыларға кептеліп қалған 163 балаға көмектесті. Ағымдағы жылы ШҚО ТЖД құтқарушылары 772 есік ашқан, сондай-ақ 125 жалғызбасты қарт азаматтар мен мүгедектерге қажетті және уақтылы көмек көрсетті. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі