
Жел үрлеуіне және ауа-райының өзгеруіне байланысты облыста тауларда қар көшкіні қаупі туындады. "Қазселденқорғау" ММ ШҚ филиалының мамандары жүргізген мониторинг "Өскемен-Самар" автожолының 92-102 шақырымындағы қар өлшеу рейкалары бойынша қар мөлшері 80 – ден 120 см-ге дейін жететінін көрсетті, профилактикалық қар түсіру қажеттілігі туындады. ШҚО ТЖД және Қазселденқорғау қызметкерлері жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды, нәтижесінде аса қауіпті учаске тазартылды. Мұнда 5 алдын алу жарылысынан 2450 текше метр қар түсіп, жол жартылай жабылды. Учаске жедел түрде жол қызметтерімен тазартылды. Қар көшкіні қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде барлығы 18 көшкін түсіру жүргізілді, соның нәтижесінде 15190 текше метр қар массасы түсті. ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - қар көп мөлшерде жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейінгі жылымық, қатты жел кезеңінде екенін еске салады. Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер сіз қар көшкіні аймағында болсаңыз: - тауда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз; - қар көшкіні болуы мүмкін болатын жерлерді біліңіз; - қар көшкін қаупі бар еңісті бір-бірден және мүмкіндігінше жоғары кесіп өтіңіз. Қауіпсіз жол – жотаның бойымен. - тыныштықты сақтаңыз. Есіңізде болсын, қатты айқай қар көшкінінің жүруін тудырады; - қар көшкін қаупі бар учаскеден автомобильмен өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз. Құрметті тұрғындар! Қала және елді мекендер шегінен тыс шықан кезде қар көшкіні қауіпті ошақтардың қасынан өтіп бара жатқанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі