
Бүгін таңертеңгі сағат 07 шамасында Глубокое ауданындағы демалыс базаларының бірінің аумағында тау шаңғысы жабдықтарын жалға беретін жеке ғимараттың конструкциялары отқа оранды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел келіп жетті. Ғимарат ашық жалынға оранды. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында базадағы көрші құрылыстарға оттың таралуына жол берілмеді және 140 шаршы метр алаңда өртті ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің себебі анықталуда, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы алдын ала қарастырылуда.
ШҚО ТЖД нысан иелеріне мынаны ЕСКЕРТЕДІ:
- өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығын дер кезінде жою
- объектілерде жұмысқа жарамды өрт дабылы болуы керек
- алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.