Электр дабылдарын іске қосу "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" деген белгіні білдіреді

Электр дабылдарын іске қосу "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" деген белгіні білдіреді

2021 жылдың 21 желтоқсанында ШҚО-да құлақтандыру жүйесін Республикалық тексеру аясында телерадиоарналарға қосылу арқылы электр дабылдары іске қосылатын болады.
Электр дабылдарын іске қосу "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" деген белгіні білдіреді.  Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сиренаның дыбысын естісеңіз, дереу "Қазақ радиосы" радиосын (ұялы телефон арқылы) 104,0 жиілікте қосу керек. Үйде дабыл естілген соң, теледидарды жергілікті "Хабар", "31 арна", "КТК", "Қазақстан" арналарына бірден қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз. Барлық ересектер өздері меңгеріп  және  балаларға − бұл сигналдың "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА" екенін түсіндіріңіз. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек. Подъезд және тұрғылықты жер бойынша көршілерге хабарлау ұсынылады: олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез-келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз. ТЖД сиреналардың жаттығу қосылыстарына түсіністікпен қарауды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өздері жаттығуды сұрайды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі