
Игорь Васильевич Лапенлавский-1-санатты құтқарушы, 2002 жылдан бастап ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы
Оның есебінде 1000-нан астам құтқару операциясы бар
Авариялық-құтқару, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жұмыстарын сәтті жүргізгені үшін 20-дан астам медальдары мен наградалары бар
Оның алдынан Шығыс Қазақстан облысы құтқарушыларының 4-ұрпағы тәрбиеден өтуде
- Құтқарушылар қызметі қалай пайда болды, ол ел тәуелсіздігімен қатарлас қалыптасты емеспе?
Құтқару бөлімшелерін құру туралы алғашқы қаулы 1993 жылы шықты, қараша айында Шығыс Қазақстан жедел-құтқару жасағына мамандар қабылдана бастады, 17 қаңтарда саны 22 адам болатын бірінші жасақ қалыптасты, бұл Қазақстандағы алғашқы жасақ болатын, бүкіл облысқа жұмыс істедік. 2000 жылы өңірлік жасақтар құрыла бастады. Қазіргі таңда жасақтың саны 17, оған қоса республикалық жедел-құтқару жасақтары да бар.
-Осы мамандыққа қалай келдіңіз және жолыңыз қалай басталды?
- Қаулы шыққан кезде құтқарушыларды іріктеу бойынша үлкен ауқымды жұмыс жүргізілген еді, шамамен 120 үміткер болды. Іріктеді, психологиялық дайындық, тестілеу, дене-күш дайындығы, бізді үш адамның ішінен таңдады.
- Сол уақыттан бастап жасақталуда не өзгерді? Бұрын қандай құралдарды қолдандыңыздар?
- 1994-2000 жылдары бізде негізінен альпинистік құрылғылар болды, құтқарушылардың көмегі қажет барлық ЖКО кезінде қарапайым құралдармен жұмыс істедік, 1996 жылы ескі нұсқадағы «Простор» құралын алдық. Бұл әрине біз үшін жаңа зат еді, ауыр әрі ыңғайсыз болды. Уақыт өте келе әрине мақтана аламыз, тіпті Ресейлік әріптестер бізге қызыға қарайды. Қазақстанның жарақтануында ХОЛМАТРО-1 бар – бұл халықаралық сипат бойынша ең үздік құралдардың бірі. Бұл авариялық-құтқару машинасы, мұнда түрлі авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған кезекші бөлімше үшін жинақ бар. Альпинистердің тік жарақтары, тыныс алу аппараттары, қауіпсіздік жабдықтары, құтқарушылардың толық жинағы. Қысқыштарда бастап кесетін қайшы, электрлік, гидравликалық – бұл туралы армандауға болады.
- Қазір құтқарушылар қатарына бірнеше дағдыларды иеленген адамдарды қабылдай ма?
Заң бойынша 18 жасқа толған адамдар қабылданады. Іріктеу кезінде конкурс өткіземіз, дене-күш дайындығына қараймыз, нормативтер өте қатаң, психологиялық тестіден өтеді, және болашақ құтқарушыда бізге қажет болуы мүмкін қосымша мамандықтарды иегергені қажет, бұл дәнекерлеуші, кеме жүргізуші, медик, парамедик – осындай балаларға басымдылық береміз. Компьтермен жұмыс тағы бар.
- Сіз қазір басшы болғаныңызға қарамай жол талғамайтын көлікті жүргізе аласыз ба?
Әрине. Мен әскери автомобиль училищесін бітіргенмін. Оған қоса біз жаңа техниканы игереміз.
- Құтқарушылар арасында кумиріңіз бар ма?
Құтқарушылар арасында біз бәріміз доспыз. Ал С.К.Шойгумен алғашқы таныстық, және менің кумирім, ұстазым – генерал В.В.Петров. Қазақстан құтқарушыларының әкесі. Өз ісінің кәсіби маманы, бәрін білетін, көп көмектесті, көп талап етті. Ол адам туралы тек қана жақсы естеліктер қалды.
- өз тәжірибеңіздегі ең қиын құтқару операциясы туралы айтыңызшы?
Біз Белоусовкада 360 метр тереңдіктегі суға батып кеткен мәйітті алып шығу бойынша жұмыс істедік. Жұмыс өте қиын болды. 360 метр деген – ойыншық емес. Біздің жігіттер альпинистік жарақтармен жұмыс істеді, команданың бір бөлігі үстіңгі жақтан сақтандырды, көптеген жағдайлар болды, шетелдік радиостанцияларды қолдандық, тауда құтқарушылар байланыспен көмектесті. Бірінші келе жатқан адам ол Валентин Титаренко болды – келе жатқан кезде бір баған құлап кетті, соңынан Алексей келе жатқан болатын. Алексей көтерілгенше Валентин бағанды көтеріп тұрды. Жігіттер сыртқа шыққандағы көріністің өзі өте сұрапыл еді. Сол кездегі жағдай авариялық-құтқару жұмысының басшысы ретінде мен үшін өте ауыр болды. Белгісіздік, әріптестер үшін алаңдау. Бұл барлық жасақтар арасындағы ең алғашқысы еді. Кейіннен осындай жағдай Ақтауда болды, біздің қызметкерді кеңес беруге шақырған болатын. Көптеген операциялар болды, ал осы ең қиыны еді.
-Сіз кинологсыз иә, бұл мамандықты қалай игердіңіз?
Кинолог болуға тура келді. Ит – бұл біздің барлаушылар, ең күшті іздеу құралы. Менің досым – жолдасым Олег Гвоздев, тәжірибесі мол болды, Армениядағы жер сілкіну салдарын жоюға қатысқан. Леон деген күшікті алып келген болатын, ол біздің алғашқы итіміз болды. Қарай бастадық. Ресейлік кинологтармен таныстық жалғасты. 1998-1999, 2000 жылдары келіп, сабақтар өткізіп жүрді. Кинологиялық қызметті көтеру үшін күшік сыйлады. Біз де барып тұрдық, үйрендік. Кинологтардан ескертулер де алдық, бәрін көріп-біліп, үйрену керек болды. Соңынан жарыстарға да қатысатын болдық.
- Жасақта өзінің дәстүрі, ырым-сенімі бар ма?
Жол болсын деп айтпаймыз. Іздеу жұмыстары кезінде техниканы ретке келтірмейміз. Себебі іздеу жұмыстарын аяқтай салысымен, тағы басқа жаққа жинала бастайтын едік. Зейнеткерлерімізді міндетт түрде ТЖМ белгісімен салтанатты түрде шығарып саламыз, байланыста үнемі боламыз. ТЖМ күні, Жасақ күні. Базаға оралған кезде ғана операция аяқталды деп саналады. Ал оған дейін жоооқ....
- Құтқарушылар ұрпағы қалай өзгерді, қазір қызметтегі әріптестеріңіз туралы айтыңызшы?
Жасақ қалыптасқан кезде альпинизм, жорықтар өте мықты, қуатты болатын. Осы деңгейлерден өткен адамдарға басымдылық. Аман қалу жүйесімен таныс. Бұл жұмыс істеуді жеңілдететін. Ондай фанаттар қазір де бар. 10 жыл мерзім қалып кетті. Қазіргі сабақтарда ол кездегі альпинизм, туризм сияқты мықты емес, мүмкін мен өз тарапымнан солай ойлайтын шығармын.
- қалыпты өмір ритмінен бас тарту қиын болмады ма, уақыттың көбін жұмыста өткізесіз ғой?
Жоқ. Ең қиыны мүмкін осы жұмыстан кеткен соң әрі қара қалай өмір сүру шығар. Осынша жылда әбден үйреніп кеткенбіз. Бұл ритм. Басыңмен кірген соң кете де алмайсың. Жұмыста кідіру. Құтқару операцияларына қатысу. Осыншама жылда осындай өмір ағысынсыз болу түйсігіме де кірмейді. Бәрі айтып жатады: «Осынша жұмыс істеуге бола ма? Мүмкін өзің үшін, тыныш өмір сүру керек шығар?» Қалыпты өмірге қалыптасу қиын. Ритм өз дегенін істетеді. Ерте тұрасың, бәрін ретке келтіресің, жұмысқа ерте келіп, кеш қайтасың. Жұмыс ерекшелігі – өзіңді үнемі дайындықта ұстау.
- Адамдарда құтқарушыларды ең батыл, ештеңеден тайсалмайтын жүрек жұтқан деген пікір қалыптасқан, ол расымен солай ма?
Иә. Жігіттердің батыл екені – жүз пайыз. Қорықпайтын адам – ол ақымақтар деуге болады. Тек тәуекел өзін ақтауы керек. Бәрібір де қорқыныш болады. Әр күрделі операция кезінде алаңдау болады. Біз сол қорқынышты жеңу үшін жаттығамыз, үйренеміз. Құтқарушы мамандығы – батылдар үшін дегенге қос қолымды көтеріп – иә деймін.
- Қызметтен бос кезде қалай демалысыз? Сүйікті ісіңіз бар ма?
- Бос кез – ол демалыс кезеңі. Барынша қала сыртына, саяжайға, Бұқтырма, балық аулауға кетіп қаламын. Жұмыс бәрібір де тартып тұрады. Кейде демалыс кезінде де жігіттермен қал сұрасып отырамыз. Кейбірі оны – ауру дейді. Мен бұған келіспеймін. Бұл – кәсібилік. Балалар есейіп кетті, бос уақытта немерелерді тәрбиелеуге арнау керек. Оны нағыз еркек қылып тәрбиелеу, мүмкін біздің династияны жалғастыратын шығар.
- Арманыңыз қандай?
Құтқарушылар өмірін жақсарту, әрине киім-кешегі жағынан заманауи әлімдік деңгейге шығу. Өмір бір орында қалмайды, үнемі қозғалыста, жаңа технологиялар пайда болуда. Басшы ретінде бізге бәрі жеткіліксіз, жігіттердің жұмысын жеңілдетсе деп ойлаймын. Мен Қазақстан ТЖМ туының биікке көтеріліп, әрқашан желбіреуі үшін.
Ал адам ретінде ше?
Не туралы армандауды да білмеймін. Өмірімде – жұмыс, үй, балалар, немерелер – бәрі бар, бәрі жақсы. Мен тыныш өмір туралы армандауға әлі пісіп-жетілмеген шығармын. Басыма ондай ойлар келген емес.