
Құтқарушылар еріктілермен бірге ертегі кейіпкерлеріне айналып, Алтай тұрғындарына барды. «Әр үйге қауіпсіздік» акциясы аясында құтқарушылар жаңа жылдық мерекелердегі өрт қауіпсіздігі мәселесіне шығармашылықпен қарауды ұйғарды. Аяз ата, Маша мен аю, сондай-ақ басқа да жануарлар қаладағы базаларды, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды аралап, көптен күткен мерекені қалай қауіпсіз қарсы алу керектігін егжей- тегжейлі айтып берді. Қала тұрғындарына шыршаны «дұрыс» безендіру бойынша ұсыныстар таратты, әрине, басты екпін, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға бағытталды. Сондай-ақ, қала тұрғындары біздің кейіпкерлерімізді қызығушылықпен қарсы алып, өрт қауіпсіздігінің түсіндірме жұмыстары осылай дәл осындай көзқараспен жеткізілгеніне өте риза болды.. Костюмді әректтің шабыты құтқарушыларға, ШҚО ТЖД әріптестерінің тамаша «Зомби-челенджінен» кейін келді және бекер емес! Ертегі кейіпкерлерінің әрекеті көпшіліктің көңілінен шықты.
Алтай ауданының ТЖБ