
Қатты жауын - шашын мен жел Алтай ауданындағы жекелеген көшкін жинағыштарда қардың көп жиналуына әкеліп соқты, бұл көшкіннің түсу қаупін тудырды.
"Беткейлерден қардың өздігінен түсуінің алдын алу үшін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы мен Алтай ауданы ТЖ басқармасының мамандары көшкін жүруі ықтимал "Өскемен-Алтай" автожолында 3 жерде профилактикалық түсулер жүргізді. 4100 текше метр қар массасы түсті.
Автожолдың 61 шақырымында қар ең көп жиналған, мұнда 1700 текше метр қар жауды, ол жолды толығымен жауып тастады.
Қарды тазалау "Қазақавтожол" күшімен жүргізілді, жол толығымен тазаланып қозғалыс қамтамасыз етілді" - деп хабарлады Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Тимур Дидахметов.
Естеріңізге сала кетейік, облыста қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескерту жарияланған. Осыған байланысты халыққа тауға шығуға, ал көшкін қаупі бар ошақтардың жанынан өтіп бара жатып тоқтауға болмайтынын және қауіпті аймақтан тез өтіп кетуге кеңес беріледі.
ШҚО ТЖД сіз тауға жиналсаңыз:
- дауыл туралы ескертулерді қадағалаңыз, оларға немқұрайлы қарамаңыз;
- есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі қалың қар жауғаннан кейін 3 күн бойы, қатты жел, температураның кенеттен өзгеруі кезінде сақталады.
Төтенше жағдай туындаған кезде " 112 " нөміріне қоңырау шалыңыз