Құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында көпбалалы отбасына барып қайтты

Құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында көпбалалы отбасына барып қайтты

ШҚО ТЖД құтқарушылары жаңа жылда армандар мен тілектер міндетті түрде орындалады деп сенеді. Ғажайыпты күтпей ақ оны қолдан жасауға болады. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері 3 ұл және бір қыз тәрбиелеп отырған Аллес көпбалалы отбасына нағыз тосын сый жасады. Ақшақар мен Аяз Атаның костюмін киіп, қауіпсіздік ережелері бойынша викторина өткізіп, балаларға мерекелік тәтті сөмкелер, ал сабақты үйде отырып, қашықтан оқуға мәжбүр Фархатқа ұялы телефон сыйлады.
     «Біздің міндетіміз «30 игі іс» акциясына қосылу және оған шынымен мұқтаж адамдарға көмектесу болды. Көп балалы отбасыға қаладағы ТЖБ мамандары да улы газ датчигін орнатты, ол жазатайым оқиғалардан қорғайды. Акцияға қосылыңыз және жақсылық жасаңыз. Сыйлықтар беру міндетті емес, бастысы көңіл бөліп мен қамқорлық таныту», - деп атап өтті ШҚО ТЖД қызметкерлері.
       Үйде Өскемен қаласының ТЖБ инспекторлары да сымдарды, пешті тексерді және жаңа жылдық мерекелерді қалай қауіпсіз қарсы алу керектігі жөнінде ұсыныстар берді.