
Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қазақ күресінен ЖОО бастығының кубогы үшін дәстүрлі IV чемпионатты өткізді. Оған 142 балуан қатысты. Оның ішінде 10-спорт шебері, 100-қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер. Биылғы жарысқа ҚР ТЖМ облыстық және қалалық аумақтық бөлімшелерінің, ҰҚК, Ақмола облысы ПД, ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының командалары, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен қызметкерлері, сондай-ақ "Қайрат", "Бурабай"спорт клубтарының командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде – турнир Кубогы оның ұйымдастырушылары – Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында қалды. Біздің жерлесіміз Жандос Мұхтарханов Самар ауылының 51-ӨБ құтқарушысы, Qazaq Kuresi бойынша 60кг санатында 2 орынды қанжығасына байлады. Жандос Мұхтарханұлы, 27 жаста, еркін күрестен 2010-2014 жж ШҚО біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. 2017 жылғы Екібастұз қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған республикалық турнирдің қола жүлдегері.