Оқушылармен әңгімелесулер өткізілді

Оқушылармен әңгімелесулер өткізілді

Көкпекті ауданының ТЖБ қызметкерлерімен аудан аумағында қауіпсіздік айлығы өткізіліп жатыр.Профилактикалық іс-шаралар барлық меншік түріне қарамастан  барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар профилактикалық жұмыс балалардың арасында да жүргізіліп жатыр, өйткені өрттердің шығуына мектептің оқушыларының отпен ойнауы себеп болып жатады.Жыл басынан бері ауданда бірнеше өрттің шығуына балалардың отпен абайсыз болуы себеп болған.

Осыған байланысты 2021жылдың 07-09желтоқсан күндері аралығында Көкпекті ауданының ТЖБ қызметкерлері Самар орта мектебі,Казнаковка орта мектебі жәнеАбай атындағы орта мектебінде болып мектеп 120 оқушының қатысуымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы келесі тақырыпта: « Абайлаңыз жұқа мұз»,  «Кәмірқышқылды уулы газ», «Әрт кезінде әртсәндіргіш құралын қалай пайдалану»,  «Пиротехникалық бұйымдармен жумыс істегендегі қауіпсіздік ережелері» туралы нұсқаулықтар жүргізді. Сонымен қатар балаларға дәптерлер мен ТЖ бойынша жадынамалар таратылды.