ШҚО құтқарушылары "Қауіпсіз мұз"акциясын өткізді

ШҚО құтқарушылары "Қауіпсіз мұз"акциясын өткізді

Облыс орталығындағы су қоймаларының бірінде ШҚО ТЖД құтқарушылары "Қауіпсіз мұз" арнайы акциясын өткізді. Аңыз бойынша құтқарушылардың ұсынымдарын ескермеген балықшы автокөлікпен әлі қата қоймаған мұз бетіне шығып кетіп және мұз жарылып кеткен. Көмекке құтқарушы-сүңгуірлер жедел келіп жетті.  Арнайы құтқару тақталарының көмегімен зардап шегушіге жетіп, балықшыны батып бара жатқан көліктің кабинасынан шығарылып, оған алғашқы көмек көрсетті және ең жақын жылыту пунктіне жеткізілді.
"Бұл акция тұрғындар жұқа мұзда болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға назар аударуға бағытталған. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 4 балықшы суға батып кетті", - деп атап өтті Ерік Тұрсынғалиев, ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері.
"Мұзы қатқан су қоймасына саяхаттау әрқашан қауіпті. Жыл сайын көліктер су астына кетеді. Қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін жұқа мұзға шығуға қатаң тыйым салынады. Қалыңдығы кемінде 30 сантиметр болатын мұз автомобильдер үшін қауіпсіз. Егер сіз автокөлікпен балық аулауға барсаңыз, көліктің есігі әрдайым ашық болып және қауіпсіздік белдіктері шешілген болуы шарт. Көлік суға түсіп кеткен жағдайда су қысымы сыртқа шығуға мүмкіндік бермеуі ықтимал. Бұл жағдайда дереу бүйірдегі терезеден шығыңыз: әдетте көлік құралы қозғалтқышқа қарай баяу еңкейіп батады, оған дейін көлік су бетінде бірнеше секунд қалқып тұрады. Бұл жағдайда салонда балға ұстаған дұрыс - егер көтергіш кептеліп қалса, әйнекті сындырған дұрыс", - деп атап өтті Өскемен қаласы ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.
ШҚО ТЖД қызметкерлері мұз астынан балық аулау әуесқойларын сақтық танытуға және автокөлікпен мұзға шығып, өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.