Семей қаласында улы газ датчигін орнатылды

Семей қаласында улы газ датчигін орнатылды

Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері "ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ Семей қаласының № 2 жасағымен бірлесіп жеке тұрғын үй секторында күн сайын өрттердің және улы газбен уланудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жылыту маусымында тұрақты негізде жеке тұрғын үйлерде улы газдың қауіпті шоғырлануына ден қоятын Газ талдағыштар датчиктерін орнату бойынша жұмыс жүргізуде. 2021 жылғы 8-9 желтоқсаннан бастап Семей қ. ТЖБ 40-ӨСБ жасақ қызметкерлерімен бірлесіп Бұл датчиктер халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде орнатылды (көп балалы, аз қамтылған отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, АӘК алушылар). Осы үйлердің тұрғындарымен жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының (жылыту пештерін орнату және пайдалану қағидалары) негізгі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шаралар, нұсқаулықтар жүргізіледі. Сондай-ақ өртке қарсы тақырыпта жадынамалар мен буклеттер таратылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Біз барлық тұрғындарға жүгінеміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Пештерді жағу және мұржаларды тазарту кезінде абай болыңыз.