
ШҚО ТЖД құтқарушылары Өскеменде теміржол вокзалында Сақабанов Ерзатты салтанатты түрде күтіп алды. Ол Jekpe-jek-тен Әлем чемпионы атағын қанжығасына байлады. Алиматы қаласында өткен бәсекелі жарысқа 17 елдің спортшылары қатысқан.
Достары, әріптестері, отбаы және оның жанкүйерлері жерлестерін қуана қарсы алды. Әрқайсысы жеңімпаздың қолын алып, көтеріп алып аспанға лақтырды – бұл жеңісіне деген дәстүрге айналған құрмет. Ерзат Сақабанов 57 келі салмақта бағын сынады, бір ай бұрын ғана ол Азия чемпионы атаса, міне бүгін кезекті ауқымды жеңісті қанжығасына байлады.
Ол Өскемендегі ШҚО ТЖД № 9 өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді.
Жеңіске жету оңай болмады, қарсыластарының ешқайсысы өз позициясын бергісі елмеді. Десе де Ерзат Сақабанов бәрінен басым түсіп, жеңімпаз деп танылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі