
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Семей қаласының ТКШ бөлімінің өкілдерімен бірлесіп бірлескен профилактикалық іс-шаралар өткізу шеңберінде Семей қаласы, Шугаев көшесі мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу және газ баллондарын сақтау фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Өткізілген рейд барысында үйлерді пәтерлік аралау жүргізілді, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды, сондай-ақ аталған үйлерден жоғары пәтерлерде газ баллондарын сақтау және пайдалану анықталды, онда Семей қаласының ТКШ бөлімінің мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық тұтынылатын газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін ӘҚ туралы ҚРК 306-бабы бойынша 6 әкімшілік хаттама жасады.