Иіс тиюдің алдын алуда

Иіс тиюдің алдын алуда

2021 жылдың 01 караша айынан бастап Көкпекті ауданының Самар және Көкпекті ауылдарында әлеуметтік аз қорғалған отбасылардың үйлерінде Көкпекті ауданының ТЖ қызметкерлері өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен улы газ туралы дабыл беретін құралдарды қоюды ұйымдастырды. Аталған дабылдағыштар тұрғындарды иіс тиюден сақтау үшін қолданылады, яғни бөлмеде улы газ шыққан кезде дабылдағыш қатты дыбыс шығарады, сол кезде тұрғындар балаларды үйден қауіпсіз жерге шығарып, бөлмелерді желдету қажет. Барлығымыз білетіндей пештен шыққан улы газдың иісі немесе түсі болмайды және сонысымен өте қауіпті болып келеді. Шығыс Қазақстан облысының ТЖД атсалысуымен Казцинк ЖШС демеушілігінің арқасында тұрғын үй секторында иіс тиюдің алдын алу мақсатында осы дабылдағыштар сатып алынған болатын. Жоғарыда көрсетілген дабылдағыштың жұмыс істеу принципі өте қарапайым, яғни улы газдың бөлмедегі концентрациясы жоғарылаған кезде ол қатты дыбыс шығарадың сол кезде балалар мен үйдегі адамдарды дереу қауіпсіз орынға шығарып бөлмені желдету қажет.

Сондай-ақ Көкпекті ауданының өртке қарсы қызметінің жеке құрамы кунделікті жергілікті тұрғындарды аралап, оларға түтін мұржаларын үнемі тазалау кажеттілігін жане де пештерінің өрт қауіпсіздік ережелері бойынша сай болуынын тусіндіреді. 01 қарашадан бастап Көкпекті ауданы бойынша 2164 түбіртек үлестірілді . Сондай-ак коп балалы жане аз қамтылған отбасыларға 126 дана иіс тиуден дабыл беретін құрал орнатылды.

Ақпарат үшін: 18.11.21.жылы 23 сағат 00 минутта Кокпекті ауылы Цепура көшесі 25 үйденпешінің дурыс болмауына байланысты дабыл беретін құрал іске қосылды. Үй иесінің дереу пешінің тарпай тұрғанын байқауының арқасында оқыс жағдай орын алған жоқ.

Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау - бұл сіздің игілігіңіздің, сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі!

Өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай!

«112» немесе «101» құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі!

Көкпекті ауданының ТЖБ