
ШҚО ТЖД қызметкерлері жаңажылдық тәжірибе ұйымдастырды. Өрт сөндіру-құтқару бөлімінің аумағында мамандар жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау қаншалықты қауіпті екенін көрсету үшін жасанды шыршаны өртеді. "Жүргізілген сынақтар жаңажылдық шыршалар мен әшекейлердің өте жылдам тұтанатынын көрсетті. Өрт кезінде негізгі зақымдаушы фактор ащы түтін екенін атап өткен жөн", - деп қорытындылады ШҚО ТЖД мамандары. Тәжірибені ескере отырып, құтқарушылар шыршаны жарықтандыратын сенімсіз құрылғыларды пайдаланбауға кеңес береді. Өндірістегі қателік қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін. Жану кезінде шырша өте улы заттар бөлінеді. ШҚО ТЖД жаңажылдық шыршаны орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салады: - Шырша жылыту құралдарынан алыс тұрақты тұғырға орнатылады. - Шыршаны жарықтандыру үшін тек зауытта шығарылған жарамды электр гирляндаларын пайдалану қажет. - Шыршаны шаммен, мақтамен, қағаздан және целлюлозадан жасалған ойыншықтармен безендіруге болмайды; - Шыршада және оның жанында шырақтар, бенгал оттарын жағуға және шартылдақтарды пайдалануға болмайды. Пиротехникалық бұйымдарды қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады! Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі