Омаров Берік-тәуелсіз мемлекеттің құрдасы

Омаров Берік-тәуелсіз мемлекеттің құрдасы

Омаров Берік-Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Семей қ. 2-МӨСБ жасағының азаматтық қорғау аға сержанты аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. "Қазқұтқару - 2015" және "Қазқұтқару-2016" командалық жарыстарына қатысты, "Қазқұтқару "жарыстарына 20 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Өрт сөндіру-құтқару және спорттың басқа да түрлері бойынша гарнизондық және облыстық жарыстарға бірнеше рет қатысқан. 12 спорттық марапаттары мен 5 кубоктары бар. Альпинистік кәсіби дайындықпен белсенді айналысады. Көлік және әскердегі қызмет колледжін бітірген соң, Берік әкесі, қазіргі өртке қарсы қызмет ардагері Омаров Серікболаттың талап етуімен өрт сөндірушілер бөлімшесіне келді. Құтқару қызметінде төртінші жыл жұмыс істейді. Қазір қызметке Беріктің інісі Тасболат та келді. Берік Омаров екінші жыл қатарынан Семей қаласының үздік құтқарушысы болып табылады. Оның суреті гарнизонның Құрмет тақтасында. Ол туралы Семей қаласы мен ШҚО әртүрлі газеттерінде бірнеше мақалалар жарияланды. Оның жетістіктері туралы ШҚО ТЖД ресми сайтында ақпарат бар. Бұл Семей өңірінің түрлі ТЖ жоюға бірнеше рет қатысқан өте жауапты және сауатты маман. Ол өзін ғана емес, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығы үшін кез-келген, тіпті ең төтенше жағдайда да жауапкершілікті өз мойнына алатын белсенді ерікті адам ретінде көрсетті. ТЖ жою кезінде өзінің көшбасшылық қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілетін, өмірге оң көзқарасын көрсетеді. Ұжымда лайықты беделге ие, гарнизонда өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Үйленген, қыз бен ұл тәрбиелеп отыр. "Қазіргі жағдайда біздің еліміз қарқынды дамып келеді. Біздің міндетіміз-төтенше жағдайлардың алдын алу және халқымыздың игілігі үшін қызмет ету. Мен осы маңызды оқиға жылында дүниеге келгенімді мақтан тұтамын", - деп атап өтті Тәуелсіздіктің құрдасы

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі