Семей қ. ТЖБ дағдарыс орталығында дөңгелек үстел өткізілді

Семей қ. ТЖБ дағдарыс орталығында дөңгелек үстел өткізілді

Қысқы кезеңнің басталуымен шұғыл қызмет қызметкерлері жолдардағы қар құрсауымен жиі кездеседі, оларға тек жеңіл автомобильдер ғана емес, сонымен қатар жолаушылар көлігі де түседі.

Осыған байланысты, Семей қ. ТЖ басқармасымен 2021 жылғы 30 қарашада ТЖБ дағдарыс орталығында "Қысқы кезеңде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету", "Автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету", "Семей қ. әкімшілік аумағында 2021-2022 жылдарға арналған ауа райының қолайсыз жағдайлары күзгі-қысқы және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспары", "Дәрмен "мобильді қосымшасы" тақырыптар жайлы дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстел жұмысына автовокзалдар басшылары, қалааралық (аудандық) тасымалдаушылар, Семей қ. жол қызметтері, Семей қ. ПБ өкілдері және "Семей қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ өкілдері қатысты.

 

         УЧС г. Семей