
Өртке қарсы қызмет тарихында біздің қызметкерлеріміздің ерлігі мен батырлығының мысалдары аз емес. Өрт сөндірушілер, адам өмірін құтқара отырып, жоғары температура ошақтарына, жанып жатқан ғимараттарға, тұрғын үйлерге, газдану, түтіндеу жағдайларында өртке кіруге тура келеді.
1993 жылғы желтоқсанда болған қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдыра алмайды, Семей қ. өрт сөндіру қызметі отпен күрестің алдыңғы қапталында қалып, өзінің қызметтік борышын өтеген екі қызметкерінен айырылды. Осы оқиға 1993 жылдың 4 желтоқсанында "Семей Цемент" АҚ-да орын алып, көлбеу шахта өртенді. Шатырдың құлауы салдарынан прапорщик Белоножко Валерий Васильевич пен Икенов Рахымғали Тайтулаевич өздерінің кәсіби міндеттерін орындай отырып, қаза тапты.
Олар кәсіби парыздың жоғары сезімін, жанқиярлық пен батылдықты көрсетті.
Өрт күзетінің батырларының құрметіне "Жас құтқарушы" аула клубының кадеттеріне біздің батырларымыз жұмыс істеген Семей қ. №13 өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия өткізілді. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімінің спорт кешенінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық іс-шаралардың негізгі мақсаты әрбір кадет өзін өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде сезінуі болды.
Белоножка Валерий Васильевич пен Икенов Рахымғали Тайтулаевич біздің жүрегімізде жақсы, жарқын бейнелерімен мәңгі есте қалады.