Ұлан ауданында құтқарушылар шопандарға көмекке келді

Ұлан ауданында құтқарушылар шопандарға көмекке келді

Белгілі болғандай, екі ер адам Тройницкое ауылының маңында боран соғып тұрған зәйімке дейін атпен шыққан. Олар өздігінен орала алмай, құтқарушыларды шақырды. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары «Трэкол» техникасымен оқиға орнына жетіп, оларды жақын маңдағы ауылға дейін эвакуациялады. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады.

 Естеріңізге сала кетейік, құтқарушылар ауа райының өзгеруі мен бұрқасын соғатын жел туралы ескерткен болатын.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды естеріңізге салады. Дауылды ескерту кезінде елдімекендерден шықпау керек. Ауа райы туралы «Дәрмен» ұялы қосымшасында.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз