
Кеше кешкісін, Тарғын және Алғабас ауылдарының арасындағы жолдарында Toyota Estima автокөлігі қар құрсауында қалып қойған. Оның жүргізушісі құтқарушылардан көмек сұрады. Ұлан ауданының № 31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, автокөлікті қардан тазартып, оны таза жерге сүйреп шығарып, Тарғын ауылына дейін жеткізді. Құтқару операциясына бір сағаттан астам уақыт кетті.
Естеріңізге сала кетейік, облыста дауылды ескерту жарияланғн болатын: 23 қараша күні күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, негізінен қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында - боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Облыстың батысы мен шығысында жел екпіні 23-28 м / с жетеді.
Өскемен және Семей қалаларында күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады.
ШҚО ТЖД мынаны еске салады:
Халыққа мүмкіндігінше елді мекендерден шықпауға кеңес беріледі! Боран кезінде көріну нашарлайды, кептелу, жаппай апат қаупі бар, тайғақ жол жамылғысы пайда болады.
Егер шығу қажет болса, жолға мұқият дайындалыңыз. Шыны тазалауға арналған құрал, күректі, қырғышты, жанармай қоры, шамдар, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, шам, азық-түлік қоры, ыстық шай термосы, жарқын түст мата алыңыз.
Автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауы керек. Жаяу жүргіншілер-жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдау.
Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" телефоны бойынша хабарлаңыз.