Жол талғамайтын көлік құтқару операциясына жұмылдырылды

Жол талғамайтын көлік құтқару операциясына жұмылдырылды

Облыстағы 3 күн қатарынан болған боранға байланысты 112-ге Ұлан ауданының қыстағынан шаруа қожалығының жұмысшыларын эвакуациялау қажеттігі туралы хабар келіп түсті. 

Оқиға орнына құтқарушылар дереу «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен шықты. Жер бедерінің күрделілігі, қараңғы уақыт пен қатты соққан боран жағдайды ушықтырды. Шопандарды эвакуациялап, қалаға жеткізді.

ШҚО ТЖД дауылдық ескерту, жолдардың жағдайы туралы «Дармен» ұялы қосымшасынан білуге болатынын ескертеді.

Төтенше жағдайтуындаған жағдайда 112-ге хабарлаңыз.