
Шығыс Қазақстанда өткен тәулікте тұрғын үйлердегі өрт кезінде 3 адам қаза тапты.
Бірінші жағдай Риддер қаласы Бутаково ауылында орын алды.1936 жылы туған, өрт кезінде жану өнімдерімен уланған үй иесінің денесін өрт сөндірушілер тауып алған. Оған пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болды.
Қаза болудың екінші фактісі Шемонаиха қаласында тіркелді.1937 жылы туған үй иесі электр жылытқышы - "желдеткішті" пайдаланып, оны ағаш үстелге қойған, бұл өрттің шығуына және оның өліміне әкеп соққан.
Ұлан ауданында 1988 жылы туған ер адам отты абайсыз қолдану салдарынан үйдегі өрт кезінде қаза тапты.
Жоғарыда аталған барлық үйлерде құтқарушылар үй иелерін қауіпсіздік шараларымен таныстырған болатын.
Жыл басынан бері ШҚО ТЖД мамандары нұсқама беру мақсатында 331 мыңнан астам үйлерді аралап шықты, олардың иелеріне өрттерді болдырмау және пештерді, газ баллондарын және электр аспаптарын пайдалану қағидалары бойынша ұсынымдар берген.
ШҚО ТЖД үйді өрттен қорғау үшін мыналарды еске салады: үйдегі электр сымдарын үнемі тексеру. 10 жыл бұрын салынған барлық кабельдер тозады, оқшаулау қабаты бұзылады.
Пештердегі бұзушылықтарды дер кезінде жою.
Ашық отпен абай болыңыз.
Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
Тұрғын үй-жайларда темекі шекпеңіз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.