Бүгін құтқарушылар кішкентай марғауға көмек көрсетті

Бүгін құтқарушылар кішкентай марғауға көмек көрсетті

 Мысықтың кептеліп, өз бетінше шыға алмайтыны туралы құтқарушыларға әйел адам хабарлаған және ол ШҚО ТЖД келген қызметкерлеріне марғаудың қамалған орнын көрсетті.

Марғау үйдің қабырғасы мен дүңгіршектің арасында қыстырылып қалған екен. Кішкене үрпек көмек жақын екенін сезгендей көмекті үнсіз күтіп отырған. Құтқарушы жануарды құтқарып, жаңа иесіне табыстады.

 Төтенше жағдайлар кезінде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз