
Тамақтың күйіп кетуі- бастапқыда көрінетіндей зиянсыз құбылыс емес. Ең сорақысы, өрттің пайда болу және жану өнімдерімен улану қаупі бар.
Бүгін облыс орталығының өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне Астана көшесі бойындағы 5 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден қалың түтін шығып жатқаны туралы өтініш білдіруші жүгінді.
Бірнеше минут ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнында болды. Бірақ үйде ешкім болған жоқ, сондықтан қылтима арқылы түтінге оранған пәтерге кіру туралы шешім қабылданды.
Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақпен қылтимаға көтеріліп, пәтерге кірді. Барлау жұмыстарын жүргізген кезде, олар ас үйде тұмшапеште қалған тағамды тапты.
Түтінді байқап, өрт сөндірушілерді дер кезінде шақырған көршінің арқасында өртке жол берілмеді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтау қажет.
Өрт болған жағдайда «101» нөміріне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі