Құтқарушылар өрт кезінде 20 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады

Құтқарушылар өрт кезінде 20 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады

 Өскеменде Сәтпаев даңғылы, тұрғын үйдің екінші қабатында пәтер өртенген. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп жетті.   Тұрғын үй-жайда жиһаз, жеке заттар, терезе және есік ойықтары жанған. Үй иесінің ұлы жанып жатқан бөлмеден өз бетінше шыққан. Құтқарушылар бірінші кезекте 20 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, олар ШҚО ТЖД ұйымдастырған жылы Вахта автокөлігіне орналастырылды. Өрт 10 шаршы метр алаңда сөндірілді.
       Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы қарастырылуда.
        Өртті сөндіруге жеке құрамнан 21 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. 
       ШҚО ТЖД еске салады: өрттің алғашқы белгілерін байқағаннан кейін:
- "101"телефоны бойынша өрт сөндірушілерді шұғыл шақыру
- тыныс алу жүйесін дымқыл таңғышпен қорғау
- өртті өз бетіңізше сөндіруге тырысыңыз;
- егер сіз өртті сөндіре алмасаңыз бөлмеден тез шығыңыз;
- өрт туралы көршілерге хабарлаңыз.