Өткен түнде Өскеменде Путевая көшесінде ЖШС-ның бірінің аумағында ангарда өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жәшіктің ағаш конструкциялары, көбік полиуретанды жылытқыш, OSB плиталарынан жасалған ішкі қаптама жанып жатқан еді. Нәтижесінде өрт құрал-жабдықтарына зақым келді. Өрт сөндірушілер отпен шайқасып, 290 шаршы метрдегі өртті сөндірді. Өөрттің алдын ала себебі бойынша - электр жабдықтарының авариялық жұмыс режимі деп болжам жасалуда.
Өртті сөндіруге барлығы 32 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Объектілерде жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Қызметкерлерге қауіпсіздік нұсқауларынан өту және өрт кезінде әрекет ете білуі және электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау қажет.
Өрт кезінде 112 немесе 101 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет