
Өскеменде Қабанбай көшесінде 8 айлық баланың саусағы пластмасса ойыншығына қыстырылып қалған. Ата-анасы құтқарушылардан көмек сұрады. Мамандандырылған жасақ қызметкерлері тістеуіштің көмегімен абайлап баланың саусағын босатты. Бөбек «құтқару операциясын» қыңқ деместен төзімділікпен шыдап бақты.
ШҚО ТЖД ата-аналарға жауапкершілік туралы ескертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз.