Жел шатырды ұшырып жіберді

Жел шатырды ұшырып жіберді

            2021 жылғы 15 қарашада 30 Гвардиялық Дивизия көшесінің бойында жел екпіні 20 м/с дейін жетіп, салдарынан 900 шаршы метр алаңда үш қабатты кеңсе ғимаратының шатырын ұшырып әкеткен. Ғимараттың жалпы ауданы 1800 ш.м. Ешкім зардап шеккен жоқ. Осы орында жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы жұмыс істеуде. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
            ШҚО ТЖД төтенше жағдай туралы дауылдық ескертуді алдын ала хабарлаған болатын.   "Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 15 қарашада қатты жел соғып, бұрқасын күтіледі делінген. ​ Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлаңыз.

       Дауылды ескертулер, ауа райы жағдайлары, аймақтағы жолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпаратты "Дәрмен"мобильді қосымшасын жүктеу арқылы ала аласыз