Ағымдағы жылдың соңына дейін ШҚО-да 10 сейсмохабарлағыш орнатылады

Ағымдағы жылдың соңына дейін ШҚО-да 10 сейсмохабарлағыш орнатылады

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында "2020-2023 жылдарға арналған заманауи ғылыми-әдістемелік негізде Қазақстанның облыстары мен қалалары аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін бағалау" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР ТЖМ "Сейсмология институты" ЖШС мамандары сейсмохабарлағыштардың тұсаукесерін өткізді.

Алдағы 10 күнде Өскеменде 5 хабарлағыш орнатылады, ай соңына дейін Шығыс Қазақстанда қосымша 5 кең жолақты хабарлағыш орнатылады.
        "Шығыс Қазақстан облысында кең жолақты сейсмохабарлағышты қадағалаудың 5 станциясы және Өскемен аумағында күшті қозғалыстарды қадағалаудың 5 станциясы анықталды. Сейсмохабарлағыш жердің қозғалысын өлшенетін электронды сигналға айналдыру арқылы тербелістерді өлшеуге арналған", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

"Өскемен қаласының сейсмикалық шағын аудандастыру жұмыстарының маңызды құрамдас бөлігі белсенді тектоникалық бөліністердің орналасуын анықтау, нақтылау болып табылады. Барлық жиналған, өңделген геофизикалық, сейсмологиялық ақпараттың және жүргізілген модельдеудің негізінде ғана негізделген құрылыс саясатын жүргізу мақсатында зерттелетін аумақтардың сейсмикалық қауіптілігіне дұрыс бағаберуге болады", - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

"Бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін шнекті және пневмосоққы бұрғылау станогы таңдалды. Топырақ сынамалары алынып, физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау үшін зертханаға жіберілді", - деп атап өтті ҚР ТЖМ технологиялық сейсмикалылық зертханасының меңгерушісі Ринат Әміржанов.

Хабарлағыштар сенімді, пайдалану және оған қызмет көрсету оңай.  Жер сілкіністерін және олардың адамдар мен құрылыстарға әсерін мониторингтеу технологияларын әзірлеуде әлемдік нарықтың көшбасшысы - Kinemetrics компаниясы әзірлеген.

Өңірде барлығы 127 сейсмикалық қауіпті елдімекен орналасқан. 

Жоғарыда көрсетілген бағдарлама шеңберінде ел өңірлері үшін, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы үшін сейсмикалық аудандастыру карталарының жиынтығын әзірлеу көзделген.