
14 қараша күні сағат 16:22-де Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз астына түсіп кеткен, олардың біреуі 1974 жылы туған ер адам судан шығып үлгерген, ал 1971 жылы туған екінші адам құтқарыла алмаған. Оқиға орнына келген ТЖ қызметінің қызметкерлері суға батып кеткен балықшының денесін судан алып шықты.
Балықшылар мұзға шыққан кезде құтқару кеудешелерін кимеген екен.
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын елемеген 4 адам суға батып кетті.
ШҚО ТЖД мұзға шығу кезіндегі мынадай сақтық шараларын еске салады:
- әрбір балықшының өзімен бірге ұзындығы 12-15 метр арқан болуы тиіс, оның бір ұшында жүк бекітіліп, ал екінші ұшында ілмек орнатылуы тиіс; пышақ немесе басқа өткір зат, оның көмегімен суға батқан жағдайда шығуға болады;
- мас күйінде мұзда балық аулаумен айналысу аса қауіпті
- мас күйінде қозғалыстарды үйлестіру бұзылады, реакция деңгейі мен сезімталдық шегі төмендейді, бұл мұз астына түсіп, үсіп қалына әкеп соғуы ықтимал;
- ешқандай жағдайда да тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінгенде мұзға шығуға болмайды; мұз үстімен абайлап жүру керек, барлық күдікті жерлерді айналып өту керек; жарылған жағдайда аяғымен сырғымалы қозғалыс жасай отырып, оларды жарылып кетуіне жол бермей келген жолмен кері қайту керек;
- төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.