Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.

Ел тарихы, оның табыстары мен жетістіктері – бұл ең алдымен оның азаматтары мен көрнекті қайраткерлерінің табыстары. Олар-ұлттық мәдениетті қалыптастырған, экономиканы, өнеркәсіпті және ғылымды көтерген халықтың мақтанышы. Олардың күш-жігерінің арқасында елдің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің қалыптасуы өтті. Бұл есімдер мен жетістіктерді әрбір қазақстандық білуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында және "Тәуелсіздік тарландары" жобасы шеңберінде Семей қ. ТЖБ қызметкерлері коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығының президенті, "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті, Қазақстан Республикасының екі мемлекеттік наградаларының кавалері Картоев Сұлтан Умаровичпен салтанатты түрде кездесу өткізді. Сұлтан Умарович Қазақстан энергетикасын дамытуға 25 жылдан астам уақыт жұмсады. Қапшағай қаласы мен Қапшағай СЭС-ын, Шүлбі СЭС-ын, Семей, Рубцовск, Түмен, Серебрянск, Талдықорған, Алматы қалаларындағы энергетика объектілерін электрлендіруге ат салысқан. Ол басқаратын ұжымдар осы саладағы ең үздіктердің бірі болды. «ХХ век- без ядерного оружия», «Не бойтесь жизнь переменить»  кітаптарының авторы. Сондай-ақ, Семей қаласындағы Достық үйінің "Вайнах" шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы.

Кездесу соңында Семей қ.ТЖБ ұжымы атынан бастықтың міндетін уақытша атқарушы подполковник Жалелов Ернар Ермекұлы сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар табыс етті.