"Құтқарушылар Аллеясының" ашылуы

"Құтқарушылар Аллеясының" ашылуы

Семей қаласының 68303 әскери бөлімі өз аумағында"Құтқарушылар аллеясын" ашты. "Құтқарушылар аллеясы" Семей қ. Цемент зауытында және Ұн-құрама жем комбинатында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілеріне  арналған. Семей қ. ТЖБ Ардагерлер кеңесінің төрайымы Лариса Мүслімова зейнеткерлер К.Сәкенов, Д. Байсығанов және С. Жантөринмен бірге бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Ардагерлер "Борышты орындау кезінде қаза тапқан бейбіт уақыттағы батырларға мәңгілік естелік" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін әскери бөлімнің акт залында зейнеткерлер өрт сөндірушілер қаза болған қорқынышты оқиғалар туралы және өрт сөндіруші-құтқарушының оңай емес жұмысы туралы айтып берді. Бөлімдге естелік ретінде "Идущие на огонь" кітабы сыйға тартылды және 68303 әскери бөлімінің басшылығына ескерткіштің ашылғаны үшін алғыс айтылды.