
Глубокое ауданы Нагорная көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатында пәтер өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке заттар, төсек жабдықтары жанған екен. Бірінші кезекте тұрғындар - 3 адам эвакуацияланды, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 2007 жылы туған қыз баланы қатты түтіндеген көрші пәтерден қ
Құтқарып, алып шықты. Сонымен бір мезгілде, өрт ошағындағы пәтерден 1972 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, онда, жану өнімдерімен уланған белгілері бар. Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Өрттің алдын ала себебі-мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық. ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ескертеді:
-Отты абайсыз қолдануға жол бермеңіз
-төсекте, лоджиялар мен балкондарда темекі шегуге жол бермеңіз.
1.Өрт кезінде ең алдымен өзінің нақты мекен-жайын, өрт объектісін хабарлап, "101" телефоны бойынша өрт қызметін дереу шақыру және өрт күзетін қарсы алу қажет. Балаларға ескертк -егер жақын жерде ересектер болса, оларды дереу көмекке шақырыңыз;
2.Егер өрт жаңа ғана басталса сіз оны қалың көрпемен жауып, сіз оны оңай құм, топырақ төгіп, су құйып оңай өшіруге болады ;