Өткен тәулікте Семей қаласында жеке тұрғын үй секторында 4 өрт сөндірілді

Өткен тәулікте Семей қаласында жеке тұрғын үй секторында 4 өрт сөндірілді

         09 қараша күні сағат 10.02-де Бобровка кенті, 2-ші тұйық көше мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті, өрт сөндіру бөлімшелерімен жеке тұрғын үйде шатырдың ағаш құрылымдары жанғаны анықталды. Өрттің алдын ала себебі: пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Дәл сол себепті Чарская көшесіндегі Холодный ключ ауданында өрт болды. Жеке тұрғын үйде зал үй-жайында жалпы ауданы 5 ш. м. төбелік жабындардың, жиһаздың, есік ойығының ағаш конструкциялары, жеке заттар жанған.
Үшінші өрт Березовая көшесінде орын алды, жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 50 ш.м. шаруашылық құрылыстың ағаш құрылымдары жанып жатыр.
      Төртінші өрт жеке тұрғын үйде де пайда болды, 101 пультіне хабарлама 21 сағат 25 минутта келіп түсті. Пржевальский көшесіндегі жеке тұрғын үйде ағаш шатыр құрылымдары, терезе, есік блоктары, төбе жабындары, жеке жиһаз, сондай-ақ жалпы ауданы 138 ш.м. шатыр өртенді.
Өрттің негізгі себебі жылыту пештерін монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзу болды.
ШҚО ТЖД мамандары өз мүлкі мен өмірін сақтау үшін келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:
- егер сіз жанудың иісін сезсеңіз, түтін немесе отты көрсеңіз дереу өрт сөндірушілерді шақырыңыз;
- көршілерге өрт туралы ескертіңіз;
- тез арада үй-жайдан шығыңыз, бұл ретте тыныс алу ағзаларын дымқыл шүберекпен жабыңыз, ол арқылы тыныс алыңыз;
- егер шығу жолдары отпен кесіліп тасталса, балконға шығуға тырысыңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып, көмекке шақырыңыз;
- өрттің алдын алу үшін электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасы ережелерін сақтау, сондай-ақ отты пайдалану кезінде абай болу қажет.
Өрт шыққан жағдайда "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.