
8 қарашада сағат 13.39-да Риддер қаласында Свердлов көшесінде пәтер жанып жатқаны туралы дабыл түсті. Оқиға орнына келген бойда 2 қабатты барақ үйде, пәтерлердің бірінің ас үй бөлмесінде микротолқынды пештің кесірінен өрт шыққаны анықталды. Қысқа тұйықталу нәтижесінде микротолқынды пештің ішіндегі пластикалық бөліктер өртеніп, содан кейін өрт ас үй жиһаздары мен созылған төбенің ағаш конструкцияларына тараған.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 12 адам және өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт 15 ш. м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарының авариялық жұмыс режимі.
09.11.2021 ж.сағат 02.05-те Семей қ., Кожкомбинатская көшесі бойынша үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Барак үлгісіндегі бір қабатты 3 пәтерлі тұрғын үйде қабырғалар мен төбелік жабынның ағаш конструкциялары, терезе және есік блоктары, сондай-ақ жалпы ауданы 70 ш.м. тұрғын емес пәтерлердің шатыры жанған. Алдын ала себеп - халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы, атап айтқанда: тұрғын емес 2 пәтердің бірінде қоқыс жанған. Өрт орнында жеке құрамнан 20 адам және 4 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт 04.11-де толығымен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД хабарлайды: егер электр құралы жанған болса, оны тез токтан ажыратыңыз: электр розеткасынан ажыратыңыз немесе үй-жайды толығымен токтан ажыратыңыз. Оттегіне қол жеткізуді тоқтату үшін құрылғыны тығыз, ауыр матамен жабыңыз. Егер бірінші минутта жануды жеңу мүмкін болмаса және өрт электр аспаптары корпусының сыртына шықса, тез арада үй-жайдан шығыңыз. Электрқұрылғының жануы кезінде шығатын түтіннің өте улы екенін есте сақтаңыз-тыныс алу ағзаңызды орамалмен, киім жеңімен қорғаңыз. Кетіп бара жатқанда өрттің таралуын болдырмас үшін терезелер мен есікті мықтап жабыңыз.
Өрт сөндірушілерді шұғыл түрде "101" телефоны арқылы шақырыңыз . Көршілерге хабарлаңыз.