
Қыс қарсаңында Қазақстанның Шығысында құтқарушылар қыс мезгілінде ТЖ жою бойынша көлемді оқу-жаттығуларын өткізеді.
Аталған аймақ оқу-жаттығуын өткізу орны ретінде кездейсоқ алынған жоқ, себебі бұл аймақта қыс өте қатал, ауа температурасы төмен, жиі боран соғып, қар көшкіндері болып тұрады. Өткен жылғы қыс мезгілінің өзінде ғана жол бойында қар қойнауында қалып қойған 249 адам құтқарылды, 55 дабылды ескерту жарияланды, қар көшкіні қауіпті аймақтарды тазалау үшін 90 жару жұмыстары жүргізілді.
Осындай оқу-жаттығулар жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында жүргізіледі. Биылғы жылы үйлестіру және басқару штабы Өскеменге орналастырылады.
Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы екі күн бойы өтетін болады. Бірнеше төтенше жағдайды бірден өткізу жоспарлануда: боранда қалып қойған шопандарға көмектесу, ірі жол-көлік оқиғасы кезінде көліктегі өртті сөндіру және автомобильдегі зардап шегушіні алып шығу, қар құрсауында қалған тұрғындарды эвакуациялау, мұзға түсіп кеткен көлікті шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және магистралды құбырдағы аварияларды жою. Оқу-жаттығуда суда апатқа тап болған балықшыларға көмектесу үшін «МИ-171» тікұшағы жұмылдырылады.
Оқу-жаттығуын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков басқарады. Ол қаһарлы қыста туындайтын төтенше жағдайларға құтқарушылардың және жергілікті, орталық атқарушы органдардың дайындығын тексереді.
Бүгінгі таңда ШҚО ТЖД қыс мезгіліндегі ТЖ көмек көрсету үшін 170 бірліктегі техника және жеке құрамнан 241 адам, жергілікті атқарушы органдардан 897 бірлік техника және 1227 адам дайындалған.
«Осындай оқу-жаттығулар Қазақстанда жыл сайын өткізіліп тұрады. Жыл сайын олардың күрделілігі мен ауқымы өсіп келеді. Мұндай қажеттілік қыс мезгілінде ТЖ және авариялардың, жазатайым оқиғалардың өсу тенденциясына байланысты туындады. Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік азаматтық қорғаныс қызметінің және ТЖ жоюдағы тұрғындардың деңгейін, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда жұмыстағы үйлесімділікті жетілдіру», - деп түсіндірді ҚР ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков.
Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша қысқы төтенше жағдайларды жою жөнінде азаматтық қорғаныс күштері және басқару органдары үшін алдағы міндеттер анықталады.