Сасықкөл көлінде суға батып кеткен балықшының денесі табылды

Сасықкөл көлінде суға батып кеткен балықшының денесі табылды

Үржар ауданында құтқарушыларға Сасықкөл көлінде 1998 жылы туған балықшы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушілердің айтуынша, 2021 жылғы 04 қарашадағы сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін ол қайықпен балық аулауға шығып, оралмаған. Жоғалған балықшыны іздестіру құтқарушылар мен полицияның күшімен түнгі сағат 24.00- ге дейін жүргізілді, алайда  нәтиже болмады.
05 қарашада оқиға орнына іздеу іс-шараларын өткізу үшін қосымша Үржар ауылының 17-ӨСБ жеке құрамының 5 адамы Газ-66 КУНГ автокөлігімен келді. 06 қарашада Өскеменнен су астына сүңгуге арналған арнайы жабдығы және «Пегас» ауа жастығындағы кемесі бар құтқарушы-сүңгуірлер жіберілді. Сол күні ТЖ қызметінің қызметкерлері және іздестіру жұмыстарына қатысқан жергілікті тұрғындар жағалаудан 1 шақырым қашықтықта мұз астынан балықшы қайығының пластмассалық бензин багын тапты. ​ Жергілікті атқарушы органдардың және халықтың қатысуымен құтқарушылар бірлексен іздестіру жұмыстарының арқасында 07 қарашада суда 1998 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. ШҚО ТЖД естеріңізге салады:
- қайыққа отырмас бұрын оны мұқият қарап, оның жарамдылығы мен беріктігіне көз жеткізу керек, міндетті түрде құтқару құралдары (шеңбер мен кеудеше)болуы тиіс.
- тұрақ кезінде қайықтың тұрақты тепе-теңдігін бұзбау үшін оған бір-бірден кіріп, қайықтың ортасына қадам жасап, орындықтарға біркелкі отыру керек;
- қайықтың қозғалысы кезінде қайықтың қисаюуын болдырмау үшін орындарды ауыстыруға және қайықтың бортына отыруға болмайды; Үзілді-кесілді мыналарға тыйым салынады:
- қайықты белгіленген нормадан артық жүктеуге; - қайықты тербетуге;
- кешкі және түнгі уақытта суға шығуға. Балықшылардың өзідерімен бірге бір ұшында ілмек жасалған, ұзындығы 12-15 метр бау түріндегі құтқару құралы болуы тиіс.
Балық аулауға шыққан кезде өзіңіз туралы ақпаратты туыстарыңызға немесе таныстарыңызға қалдыруыңыз керек, ауа-райын нақтылаңыз. Егер Сіз судағы мінез-құлық ережелерін қатаң сақтасаңыз, жазатайым оқиға болмайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.