ШҚО құтқарушылары өңірдегі өрт қауіпті жағдайды қорытындылады

ШҚО құтқарушылары өңірдегі өрт қауіпті жағдайды қорытындылады

Ақпараттық орталықта өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин өрт қауіпті маусымның қорытындылары туралы айтып берді. Облыс аумағында 194 орман өрті тіркелді, от жалмаған орман алқабы 669,24 га құрады, 490 га алаңда 7 дала өрті, 7936,5 га алаңда 293 жану тіркелді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыста азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қатарынан 384 адамнан тұратын 69 мобильді топ жұмыс істеді, олардың нәтижелері бойынша 1967 рейдтік іс-шара өткізілді, 265 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылар анықталды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы "Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау" бойынша 261 әкімшілік материал және ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабының 1-бөлігі бойынша 4 материал қозғады. 2443 адамды қамтумен 308 дөңгелек үстел және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 344 жиын өткізілді.
ШҚО ТЖ департаменті "Geosat" ЖШС-мен термонүктелер бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру туралы шарт жасасты. Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен құтқарушылар өрттің таралуын уақытында анықтап, алдын алды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 824 сурет алынды, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерімен 541 термонүкте жедел пысықталды, бұл оттың одан әрі таралуына мүмкіндік бермеді. 
Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан Саттыбаев Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында ауданы 25 га-дан астам ірі орман өрттерінің 4 жағдайы орын алғанын атап өтті. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен 8 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі бар маусым аяқталады.