
Бүгін Жарма ауданында ЖКО орын алды. Жеңіл көлік кюветке түсіп кеткен. Құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға орнына жедел келіп жеткен құтқарушылар тросс пен арқанның көмегімен ВАЗ маркалы көлікті сүйреп алып шықты.
Жолаушылар жолай өткен көлікпен жіберілді.
ШҚО ТЖД ескертеді: төтенше жағдай кезінде 112-ге хабар беріңіз.