
03 қарашада Өскемен қаласында 09 сағат 20 минут шамасында Астафьев көшесінің бойында жеке тұрған азық-түлік дүкенінде жапсарлас құрылыс шатырының ағаш конструкциялары өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 3 шаршы метр алаңда отты ауыздықтады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді: - Электр жабдықтарының жай-күйіне жоғары қырағылықпен қарау және объектілерде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау - Өрт сөндірудің бастапқы құралдарының қажетті саны және жарамды Автоматты сигнализациясы болуы тиіс. Өрт кезінде "101" және "112"нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.