ШҚО өрт сөндірушілері 2-3 қараша аралығында 5 өртті сөндірді

ШҚО өрт сөндірушілері 2-3 қараша аралығында 5 өртті сөндірді

02 қараша күні Жарма ауданы Гайнуллин көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында 18 тонна шөп өртенді. Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану. Дәл сол себепті осы күні Шемонаиха ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында ағаш шатыр құрылымдары, шаруашылық құрылысының үйіне жапсарлас қабырғалар жанған. Өрт сөндірушілер 8 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. 02 қараша күні Тарбағатай ауданында жеке тұрғын үй ауласында жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын шаруашылық құрылыс блогы шатырының ағаш конструкциялары өртенді. Алтай ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында ағаш шатыр құрылымдары жанды. Құтқарушылар жалпы ауданы 230 шаршы метр өртті сөндірді. Өрт сөндірушілер оттан 2 ешкіні құтқарып үлгерді, алайда қатты түтіндеу нәтижесінде 2 шошқа, 11 ешкі және 12 тауық қаза тапты. Өрттің алдын ала себептері 1) Электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезіндегі ӨҚЕС; 2) отты абайсыз қолдану.
03 Қараша Риддер қаласында Загородная көшесі бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстар блогының ағаш конструкциялары, сондай-ақ аспаптар панелінің жанғыш бөлшектері, "УАЗ"маркалы автомомбильдің алдыңғы орындықтарының қаптамасы жанған. Өртте 2 ірі қара, 25 тауық өлді. Құтқарушылар 50 ш.м. алаңдағы өртті сөндірді. өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.

2021 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстанда 1251 өрт тіркелді, 293 өрт электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себебінен, 499 – отты абайсыз қолдану себебінен, 219 - өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзған пештерді пайдалану кезінде орын алды. ШҚО ТЖД азаматтардан келесі ережелерге назар аударуды сұрайды: - электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз; - отпен абайсызда жұмыс істеуге жол бермеңіз - есіңізде болсын, ешқандай жағдайда пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин және т.б.) қолдануға болмайды. Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз және балалардың қарауына жол бермеңіз. Пешті қатты қыздырмаңыз, пешті қатарынан 2 сағаттан артық қыздыруға болмайды. Пеш жағу тұрғындар ұйқыға кеткенге дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.