Рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда

Рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда

Тұрғын үй секторында өрттердің және түтінге уланудың алдын алу мақсатында, 2021 жылдың 29 қазанында Семей қаласы ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлері «Лидер-KZ» ұйымының еріктілерімен және БАҚ өкілдерімен бірігіп «Восточный» кентіндегі жеке тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу іс-шараларын өткізді. Рейдті жүргізу барысында дауысты дыбыс қондырғысы бар арнайы автокөлік машинасы пайдаланылып, халыққа тұрмыстағы негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары дауыстау арқылы жеткізілді. 

Рейдтерді жүргізу аясында тұрғындарға өрттердің шығуының негізгі себептері және олардың алдын алу, өрт шыға қалған жағдайдағы алғашқы іс-әрекеттер жайлы мәліметтер жеткізілді. Сонымен қатар пештер мен электрқондырғыларын дұрыс пайдалану бойынша мағлұматтар айтылды, өрт қауіпсіздігін сақтау, шыққан өрттердің саны туралы мәліметтер, және жедел көмек қызметтерінің телефондары көрсетілген жаднамалар ұсынылды.

Есте сақтаңыздар !

От жағу кезеңінде шығатын өрттердің негізгі себептері мыналар:

-электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау,

- Пештердің құрылыстарындағы ақаулар және пештерді дұрыс пайдаланбау,

- Пештерді бензин, керосин, және т.б. жылдам тұтанатын сұйықтықтармен тұтату,

- Шылым шегудегі абайсыздық (әсіресе, мас күйінде, төсекте жатып),

- Отқа абай болмау,

- Балалардың отпен ойнауы.

Құрметті қала тұрғындары !

 - От жағу маусымы басталмас бұрын пеш мұржаларын, пештерді және басқа да от жағылатын приборлар мен жүйелерді тексеруден мұқият өткізу керек,

-Пештер мен басқа да от жағылатын приборлардың құрылысы нормативке сәйкес болулары керек, пеш алдында 0,5 м х 0,7 м қаңылтыр болуы керек,

- Мұржалар мен пештер (котел) от жағу маусымы алдында және от жағу маусымы барысында күйеден тазартылып тұруы керек,

- Бүлінген электрприборларын пайдаланбаңыздар, электр өткізгіштері бүтін болуы керек (оқшаулағыш қасиетін жоғалтқан электр желілері ауыстырылуы керек), электр желілерін «байлау» арқылы жалғамаңыздар.

Семей қаласы ТЖБ МӨББ