Шұңқырдан құтқару

Шұңқырдан құтқару

30 қазан күні сағат 16: 10-да Өскемендегі Геологическая көшесінің маңында жасөспірім шұңқырға құлап кеткен. Келген бойда ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері құтқару арқандарының көмегімен 15 жасар қызды шұңқырдан абайлап шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеруге жіберді. ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Ата-аналар ешқандай жағдайда балаларды қараусыз қалдырмауы керек. Барлық сақтық шараларын сақтай отырып, балалардың бос уақыты мен ойындары туралы алдын-ала ойланыңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.